Тойлау, мерекелеу, мейрамдау

lat: Toılaý, merekeleý, meıramdaý

Бір оқиғаның қуанышты құрметін еске алып қызықтау, тамашалау.

Ол сол жылы Сәбит Мұқановтың 60 жылдығын тойлауға Алматыға келген болатын (С. Мәуленов).

Бүгін Әуезовтың немерелері оның туған күнін мерекелеп, ескерткішінің тұғырына гүл шоқтарын қояды («Қаз. әдеб.»).

Енді жыл сайын өзге халықтар сияқты біз де Бірінші Майды мейрамдайтын боламыз (Б. Момышұлы).